Дружба көшесінің тұрғындарымен кездесу

Дружба көшесінің тұрғындарымен кездесу

Дружба көшесінің тұрғындары құдықтың апаттық жағдайына қатысты мәселені шешуге жәрдемдесуді сұрады. Осы көшедегі бірінші кезеңдегі су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстары 2010 жылы жүргізілді. Жергілікті тұрғындар түсіндіргендей, екі жыл бойы құдықта үнемі су жиналады. Олар өз бетінше жөндеуге тырысқан, бірақ нәтижесінде құдықтың ішіндегі клапан мен айқастырмасы жарамсыз болып қалды. Сонымен қатар, үйлерге шағын диаметрлі құбырлар тартылған, екі үйге бір мезгілде суды пайдалануды қиындатты.
Мәселені шешуге қала әкімінің орынбасары Д.Арнешев, ТКШ бөлімінің мамандары және «Саранькоммунсервис» КМК-ның өкілдері қатысты. Әкімнің орынбасары түсіндіргендей, қалада ұзақ мерзім пайдаланғандықтан жарамсыз болып қалған ысырмаларды ауыстыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. «Саранькоммунсервис» КМК-ның қызметкерлері суды сорып алу жүргізді, ысырмаларды ауыстырды және айқастырманы жөнделді. Апатты жағдай жойылды.