Қоғамдық кеңес мүшелері абаттандыру жұмысымен танысты

Қоғамдық кеңес мүшелері абаттандыру жұмысымен танысты

 

Бүгін Қоғамдық кеңес мүшелері қала аумағындағы абаттандыру жұмыстарының бірі – қалалық ауруханаға барар жол бойындағы қоршаулардың жаңарту барысымен танысты.

Аталған учаскеде жалпы көлемі 3 541 шаршы метрді құрайтын қоршау толығымен қайта боялған. Жұмыстарды “Алдияр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

Қоғамдық кеңес мүшелері атқарылған істерге оң бағасын беріп, сапаға қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Бұл – қала келбетін жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі.