Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді

2025 жылдың 23 сәуір күні сағат 11:00-де Приозерск қаласы әкімдігінің акт залында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөніндегі алғашқы жартыжылдықтағы іс-сапарлары аясында арнайы Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Р. Ламбековтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Кездесуді Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы Алтай Нәсіпбекұлы Исатаев жүргізді. Ол өз сөзінде Президент Жолдауының еліміздің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуын жаңа деңгейге көтеретін маңызды стратегиялық құжат екендігін атап өтті.

Шараға қала тұрғындары, бюджеттік ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, келісімшарт негізінде жұмыс істейтін мамандар және жастар қатысты.