2024-2025 жылғы жылу маусымының өтуі және 2025-2026 жылғы жылу маусымына дайындық бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа «Сарышаған СуЖылу-2014» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ғалымжанов Руслан Еркінбайұлы, №1 қазандық басшысы – Джуматаев Умир Юзбайұлы, «Приозерск – Жилсервис» және «Арай – 2017» коммуналдық сервистік мекемесінің өкілдері қатысты. Руслан Еркінбайұлы 2024-2025 жылғы жылу маусымын қорытындылап, 2025-2026 жылғы жылу маусыма дайындық жоспарымен бөлісті. Мердігерлер анықталып, жоспарға сәйкес жұмыстарды іске асыру басталды. №1 қазандығының №5 экономайзерін және жерасты газ құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Коммуналдық сервистік мекеме өкілдері бірқатар тұрғын үйлердің жертөлесіндегі ескі су құбырларын жаңасына ауыстыру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Қазандықтар мен жылу жүйелері қыс мезгілінде тұрақты және үзіліссіз режимде жұмыс істеді. Тұрғындарға қажетті жылу уақтылы жеткізілді. Сонымен қатар, депутаттар мен қатысушылар тарапынан жылу беру сапасына қатысты пікірлер айтылып, тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдардың айтарлықтай азайғаны атап өтілді. Отырыс соңында қалалық мәслихат төрағасы барлық коммуналдық сала мамандарына ризашылығын білдіріп, жұмыстарына оң баға берді.