Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы өтті

2025 жылғы 01 сәуірде VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Сессияға қала әкіміні Ахметов Мансур Талғатұлы мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде;
1.VIII шақырылған қалалық мәслихаттың құрамындағы жаңа депутат туралы мәселесін қарастырды;
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Сәрембеков Бекзат Муксинұлы шығып қалған депутаттың орнына сайланған депутатты тіркеу туралы хабарламасын баяндап, Бердимуратов Адилбек Алпысбайұлына депутаттық төс белгі мен куәлік табыстады.
2. Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/7 «Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының құрамын және олардың төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесін қарастырды.
Бердимуратов Адилбек Алпысбайұлы қалалық мәслихаттың әлеуметтік - мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып бекітілді.
Сессияның нәтижесінде депутаттар барлық мәселелерді бірауыздан мақұлдап, тиісті шешімдер қабылдады.