Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы өтті

2025 жылғы 31 наурызда VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасары Айдарханов Темірхан Айдарханұлы мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде; «Приозерск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 24/180 «Приозерск қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесін қарастырды.
Сессияның нәтижесінде депутаттар барлық мәселелерді бірауыздан мақұлдап, тиісті шешімдер қабылдады.