
Бүгін қалалық мәслихат депутаты Қойшин Руслан Канатұлы Приозерск қалалық емханасына барып, тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Жеке кездесуде бірнеше проблемалық сұрақтар көтерілді. Олар: Тұрғын үйлердің жағдайы, подъездерді жөндеу және аулаларды абаттандыруды. Қалалық мәслихат депутаты барлық сұрақтарды тыңдап және шешу жолдарын талқылады. Аталған сұрақтар шешімін тапқанша мәслихат депутатының бақылауында болады.