
Бүгін Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы қалалық мәслихатта 10 жылдан аса қызмет атқарған, бас есепшісі, тексеру комиссиясының төрайымы және II-шақырылым депутаты болған Медетбекова Зәуреш Аманқызымен кездесіп, туған күнімен және зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтады. Іс-шараға мәслихат аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ Сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Қатысушылар Зәуреш Аманқызының ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет пен қоғамдық жұмыстарда атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Мемлекеттік қызметке жауапкершілікпен қарап, халықтың мұң-мұқтажын шешуге әрдайым белсенді атсалысқан тұлғалардың бірі екені ерекше аталып өтті. Зәуреш Аманқызы барша қатысушыларға алғыс білдіріп, қызмет жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Ел игілігі үшін жасаған жұмыстарының әрбір сәті жүрегінде ерекше орын алатынын айтып, жас буынға ақыл-кеңесін жеткізді. Туған жерге қызмет етудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Алғыс хат, гүл шоқтары және ақ орамал жабылып, бағалы сыйлық табысталды. Мәслихат аппаратының ұжымы Зәуреш Аманқызына өскелең ұрпаққа тәрбие және мемлекеттік қызмет саласына зор үлес қосқаны үшін алғысын білдіреді.