Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары қаладағы дене шынықтыру сауықтыру кешеніне барды

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары қаладағы дене шынықтыру сауықтыру кешеніне барды

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары қаладағы дене шынықтыру сауықтыру кешеніне барды. Қазіргі таңда кешен аумағында стрит-воркаут алаңы орнатылып, ойын залына спорттық линолеум төселуде. Жарық шамдары қойылып, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі толық орнатылды. Желдету жүйесін орнату аяқталу сатысында. Сонымен қатар, қажетті жиһаздар құрастырылған, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Депутаттар тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау үшін құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беру қажеттігін ескертті.
Мәслихат депутаттары жауапты мердігерге және құрылыс бөлімі басшысына жұмысты сапалы әрі уақытылы орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.