Зейнеткерлікке шығуымен құттықтау

Зейнеткерлікке шығуымен құттықтау

Приозерск қалалық мәслихат төрағасы Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы қалалық мәслихаттың V, VI, VII, VIII шақырылым депутаты, Приозерск қаласының «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Дүйсембаев Дулат Орынбасарұлы мен мәслихаттың III, IV шақырылым депутаты болған, ұлағатты ұстаз Әйтпенбетов Орынбек Орынбасарұлын зейнеткерлік жасқа толуына орай кездесу өткізді. Кездесуде мәслихат төрағасы, депутаттар мен аппарат қызметкерлері атынан және өз атынан құттықтап, қаламызда көп жылдар бойы еңбек етіп, өз істеріне берілгендіктері мен кәсіби шеберліктері, әділдіктері мен адамгершіліктері үшін құрмет тұтып сыйлап, өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, саналы ғұмыр жолдарында жастарға үлгі етіп, мақтан тұтатынымыз – туралы айтып өтті. Сөз соңында зейнеткерлікке шыққан азаматтарға мәслихат төрағасының алғыс хатын беріп, ақсақал ретінде шапан жауып сый сияпат көрсетіп, олардың әлі де болса мемлекетімізге қызмет көрсетіп жүргендерін және әрқашанда уәкілетті органның ісіне қатысатынына сенім білдірді. Дулат Орынбасарұлы мен Орынбек Орынбасарұлы мәслихаттың алдағы жұмыстарына табыстар тілеп, өздерінің алғыстарын білдірді.