
Құрметті Қала тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! ⠀
Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын айтулы күн –⠀ барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын символы. Бұл Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын, азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерде отандастарымыздың ауыртпалығын өз мойнына ала алды және бұл бүгінде еліміздегі түрлі ұлт өкілдері арасындағы адамгершілік қатынастардың өнегелі өлшеміне айналды. Еліміздің барлық азаматтары қиын заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етті.
Мереке күні алғыс сөздерімен бірге сіздерге амандық, бейбітшілік, денсаулық және өмірлеріңізге үлкен бақыт тілегіміз келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Ізгі ниетпен,
Қалалық мәслихат депутаттары.