Қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс ХIII сессиясы 2023 жылдың 25 желтоқсанында сағат 11.00- де онлайн трансляциялау арқылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.
Сессия күн тәртібінде:
1. Приозерск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы. (Баяндаушы: Уақытша комиссия төрағасы Талғат Әлімжанұлы Қарабалаев).
2. Приозерск қалалық учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы. (Баяндаушы: Уақытша комиссия төрағасы Талғат Әлімжанұлы Қарабалаев).
3. Әртүрлі мәселелер.
Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев