2023 жылдың 27 қыркүйегінде қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаевтың төрағалығымен Приозерск қалалық мәслихатының кезекті IX сессиясы өтті. Сессияға жұмысына қала әкімінің м.а. Ахметов Мансұр Талғатұлы, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда төмендегі мәселелер қарасытырылды:
1. Приозерск қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттемелердің орындалуы туралы есебі (баяндаушы: Приозерск қаласы әкімінің м.а. Ахметов М.Т.);
2. Қаланың 2023-2024 жылдарға қысқы жылу беру мерзіміне дайындығы туралы есебі (баяндаушы: Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Сәденов Д.Ш.);
3. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы (баяндаушы: Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а. Алтаев А.А.);
4. Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі (баяндаушы: Приозерск қаласының білім бөлімінің басшысы Қасымова Г.К.);
5. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі (баяндаушы: Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Такенов Б.А.);
6. Приозерск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 11/109 «Приозерск қаласының Қоғамдық Кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (баяндаушы: Приозерск қаласының Қоғамдық Кеңес төрағасы Аринов А.Т.).
7. Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/39 «Приозерск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (баяндаушы: Приозерск қаласы әкім аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нуртазаева Г.К.).
Сессияны қорытындылай келе депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан мақұлдап, шешім қабылдады.