Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау
ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАР!
ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!
Бүгін білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған барша мектеп бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Соңғы қоңырау үні – бозбала мен бойжеткендердi аман биіктеріне ұшырып, үлкен өмір мектебіне шығарып салады.
Сіздер үшін бүгінгі қағылар күміс қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты.
Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, Сіздердің сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалып келеді.
Осы ретте сапалы білім саналы тәрбие беру жолындағы ұлағатты ұстаздарымызға ризашылықтарымызды жеткіземіз.