Приозерск қаласының әкімі тағайындалды

Приозерск қаласының әкімі тағайындалды
Приозерск қаласының әкімі тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ламбеков Нұрлан Рымбайұлы Приозерск қаласының әкімі болып тағайындалды.
Нұрлан Ламбеков еңбек жолын 1983 жылы бастаған. 1995 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарқаралы ауданы Балықтыкөл ауылы, Қарағайлы кенті әкімдері лауазымдарын атқарды.
2006 жылдан 2012 жылға дейін Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қарқаралы қаласының әкімі, содан кейін Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды.