Қалалық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы
2023 жылдың 30 мамырда қалалық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінде «Приозерск қаласының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы» мәселе қаралды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аликулов Ербол Шымкентбайұлы бұл лауазымға Ламбеков Нұрлан Рымбайұлын таныстырып, ұсынды. Бұған дейін ол «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аудан әкімінің орынбасары болған.
Нұрлан Ламбеков еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте 1995 жылдан бері.
1995-1997 жж. Қоянды ауылдық округінің әкімі;
1997-2006 жж. Қарағайлы кентінің әкімі;
2006-2007 жж. «Қарағанды қаласы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы;
2007-2010 жж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі;
2010-2012 жж. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы;
2012 қазіргі уақытқа дейін «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ аудан әкімінің орынбасары болған.
​Ламбеков Нұрлан Рымбайұлының еңбек жолын ескере отырып, мәслихат депутаттары Нұрлан Рымбайұлын Приозерск қаласының әкімі лауазымына тағайындауға келісімдерін берді.