Білім күніне арналған салтанатты жиын.

Білім күніне арналған салтанатты жиын.

2026 жылғы 1 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебінде 1, 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің басы болған 1 қыркүйек – Білім күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, әнұраны шырқалды.

     Салтанатты жиында мектеп директоры П.Шойбекова, Приозерск қаласылық  мәслихатының төрағасы А.Исатаев, Жер қатынастары бөліміндегі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Балтышев, Білім бөлімінің әдіскері Н.Анарбеков, «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Т.Кенжебеков және кәмелетке толмағандардың инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Абдыхаликов мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

     Мерекелік кеш оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1-сынып оқушылары Әлімхан Мүсілім Болатұлы мен Түйтебай Медина Мәуленқызына берілді. 2026-2027 оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өз мәресіне жетті.