Білім күнімен!

Білім күнімен!

Құрметті  ұстаздар, ата-аналар және  оқушылар!

 Сіздерді бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастауы ғана емес, білімге ұмтылыс пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше күн. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек. Ал ұстаздар үшін жаңа оқу жылы – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі үлкен жауапкершіліктің жаңа кезеңі.

Осы мереке қарсаңында  ұстаздарға – еңбектеріңізге толағай табыс, ата-аналарға – қуаныш пен амандық, оқушыларға – жаңа білім, биік мақсат және жарқын жетістіктер тілейміз!

Құрметпен, қалалық мәслихат депутаттары