Судья және сот қызметкерлері күнімен!

Судья және сот қызметкерлері күнімен!

Құрметті сот жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді қалалық мәслихат депутаттарының атынан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сот төрелігін әділ жүзеге асыру жолындағы жауапты еңбектеріңіз, заң үстемдігін қамтамасыз етуге қосып жүрген үлестеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің адалдықтарыңыз, кәсібиліктеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз қоғамдағы әділеттілік пен құқықтық тәртіптің берік негізі болып табылады.

Осы айтулы күні Сіздерге  мықты денсаулық, жақындарыңызға  амандық тілеймін. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болып, Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз бен барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

 

Құрметпен,

Қалалық мәслихат төрағасы                          А.Исатаев