Ұлы Жеңіс күнімен!

Ұлы Жеңіс күнімен!

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қадірлі жерлестер!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен мәслихат депутаттары атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен жанқиярлықтың символына айналған қастерлі күн. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында ерлік көрсеткен батырларымыз бен тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың қайсарлығы мен төзімі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі.

Біз бүгін бейбіт өмір сүріп, тәуелсіз елдің игілігін көріп отырсақ, бұл – сол бір сұрапыл жылдары Отан үшін от кешкен ерлердің арқасы. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, есімдері ел жадында мәңгі сақталады.

Ардагерлерімізге зор алғысымызды білдіре отырып, сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын!

Ізгі құрметпен,
Мәслихат төрағасы мен депутаттары