Таза бейсенбілік

Таза бейсенбілік

Бүгін мәслихат аппаратының қызметкерлері дәстүрлі таза бейсенбілік аясында қала тазалығына өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, Пушкин көшесінен Ағыбай Батыр көшесіне дейінгі аралықтағы жол бойы қоқыстардан, түскен жапырақтардан және өзге де қалдықтардан тиянақты түрде тазартылды.

Аталған шараның басты мақсаты – қала келбетін көркейтіп, тұрғындар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыру. Бірлескен еңбектің нәтижесінде көше бойы айтарлықтай тазарып, ретке келтірілді.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоршаған ортаны қорғауға және тазалық мәдениетін нығайтуға өз септігін тигізері сөзсіз.