
Қалалық мәслихат қызметкерлері мен түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері сенбілікке шығып, Дружба Народов көшесінің айналасын қоқыстан тазартты. Бұл бастамаға бейжай қарамаған көше тұрғындары да белсенді түрде атсалысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында қатысушылар аумақты күл-қоқыстан тазартып қана қоймай, қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Мұндай шаралар қаланың көркеюіне, тазалығының сақталуына ғана емес, тұрғындар арасындағы ынтымақ пен жауапкершіліктің артуына да үлкен ықпал етеді.
Ортақ іске жұмыла кіріскен жандардың еңбегі нәтижесінде көше ажарланып, айнала бұрынғыдан да таза әрі көрікті бола түсті. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қаламыздың әрбір бұрышы таза әрі жайлы боларына сенім мол.