Бүгін мәслихат қызметкерлері мен әкімдік өкілдері «Таза бейсенбі» акциясына белсене қатысты.

Бүгін мәслихат қызметкерлері мен әкімдік өкілдері «Таза бейсенбі» акциясына белсене қатысты.

Іс-шара барысында олар ғимарат ауласын ретке келтіріп, айналаны тазалап, көркейту жұмыстарына атсалысты. Сонымен қатар, табиғатты қорғау және жасыл желекті көбейту мақсатында ағаш көшеттері отырғызылды.

Мұндай игі бастамалар қала тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны жақсартуға және тұрғындарға үлгі болуға бағытталған. Бірлік пен жауапкершіліктің арқасында ортақ мекеніміз күн сайын көркейе түсуде.