Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының округтық және учаскелік сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Приозерск қалалық мәслихаты бес округтік және тоғыз учаскелік сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 04 сәуірден бастап 19 сәуірге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 04 сәуірден бастап 19 сәуірге дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
Приозерск қалалық мәслихаты
Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы - қалалық мәслихаттың төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Приозерск қаласы, Балхаш көшесі, 5 үй.
Жауапты адам - Шұға Бексейтқызы Мақышева - қалалық мәслихат аппаратының басшысы, қалааралық телефон коды (871039), жұмыс телелефоны 5-44-21, maslixat_prio@karaganda-region.gov.kz, 2 қабат.
Қалалық мәслихат 5 округтік және 9 учаскелік сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлайды:
|
№
|
Округ сайлау комиссиясының нөмірі |
сайлау объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Округтік сайлау комиссиясының мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
№ 2 |
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Приозерск қаласының спорт клубы» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
27/2 |
1 |
|
2 |
№ 3 |
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Приозерск қаласының спорт клубы» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
27/2 |
3 |
|
3 |
№5 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
20 |
1 |
|
4 |
№7 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Космонавтов көшесі |
2 |
1 |
|
5 |
№11 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Кисунько көшесі |
11А |
1 |
|
№
|
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
№ 226 |
"Приозерск қаласының орталық ауруханасы" КМК ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Транспортная |
19 |
2 |
|
2 |
№ 227 |
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Приозерск қаласының спорт клубы» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
27/2 |
1 |
|
3 |
№228 |
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Приозерск қаласының спорт клубы» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
27/2 |
2 |
|
4 |
№229 |
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Приозерск қаласының спорт клубы» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
27/2 |
1 |
|
5 |
№ 231 |
"Қарағанды облысы білім басқармасы Приозерск қаласы білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін мектебі" КГУ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Достық көшесі |
20 |
2 |
|
6 |
№232 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Космонавтов көшесі |
2 |
1 |
|
7 |
№ 234 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Космонавтов көшесі |
2 |
1 |
|
8 |
№ 235 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Кисунько көшесі |
11А |
1 |
|
9 |
№ 236 |
«Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
Қарағанды облысы Приозерск қаласы |
Кисунько көшесі |
11А |
1 |
Приозерск қалалық мәслихаты
03.04.2026
СІЛТЕМЕ
1) Кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтінішінің нысаны 2) Кандидаттардың учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтінішінің нысаны 3) Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну насыны