
Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Халық қалаулылары ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам. Олар қала тұрғындарын да белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.