Приозерск қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Приозерск қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Бүгін VIII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға қала әкімдігі мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, тиісті бөлім жетекшілері, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және салалық бағыттардағы жұмыстардың тиімділігін бағалауға қатысты бірқатар маңызды мәселелер енгізілді.
Алдымен 2025 жылға арналған бюджетте қарастырылған салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің жоспарлы түсімдерінің орындалуы туралы есеп тыңдалды. Баяндама барысында бюджет кірістерінің игерілу деңгейі, жоспардың орындалу көрсеткіштері, сондай-ақ алдағы кезеңге қойылған міндеттер жан-жақты баяндалды. Депутаттар тарапынан нақтылау сұрақтары қойылып, қаржылық тәртіпті күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.
Келесі мәселе ретінде Приозерск қаласының орталық ауруханасының атқарылып жатқан жұмыстары қаралды. Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер, медициналық қызмет сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және кадр мәселелері туралы ақпарат берілді. Комиссия мүшелері медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын одан әрі жақсарту қажеттігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы атқарылған жұмыстар болды. Қала инфрақұрылымын дамыту, жол жөндеу, қоғамдық көлік қызметін жетілдіру және коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытындағы шаралар туралы кеңінен айтылды.
Бұдан бөлек, қаладағы туризм саласының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Туристік әлеуетті арттыру, инвестиция тарту және жаңа жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.
Қала аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы да есеп берілді. Құқық қорғау органдарының атқарған жұмыстары, профилактикалық іс-шаралар және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жоспарлар таныстырылды.
Отырыс барысында салалық бағыттар бойынша өзге де мәселелер көтеріліп, қала әкімдігінің тиісті жұмыс комиссияларының есептері тыңдалды. Комиссия мүшелері қаралған мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, тиімді шешімдер қабылдауға бағытталған жан-жақты талқылау жүргізді.
Сессия қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелерді бірауыздан мақұлдап, кезекті сессиясында қарастыруға ұсынылды.