
2026 жылғы 18 ақпанында кезекті XXXVIII сессиясында қаралатын әлеуметтік мәселелер бойынша есептерді сапалы дайындау және мекемелердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы арнайы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Приозерск қаласының орталық ауруханасы атқарып жатқан жұмыстар, Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жүзеге асырып отырған қызмет бағыттары, сондай-ақ депутаттардың 2025 жылы жолдаған сауалдарының орындалу барысы талқыланды.
Отырыста күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, қорытындысы бойынша тұрақты комиссия баяндамашыларға өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына дейін есептерді толықтырып, нақтылау ұсынылды.
Комиссияның мақсаты – әлеуметтік салаға қатысты мәселелердің орындалу барысын зерделеу, мекемелер қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалау, анықталған проблемаларды жүйелеу және алдағы сессия қарауына енгізілетін есептердің мазмұнын нақтылау арқылы олардың сапалы әрі жан-жақты дайындалуын қамтамасыз ету.