Әскери прокуратураның құрылған күнімен!

Әскери прокуратураның құрылған күнімен!

Құрметті әскери прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді Әскери прокуратураның құрылған күнімен қалалық мәслихат депутаттарының  атынан шын жүректен құттықтаймын!

Әскери прокуратура – еліміздің қорғаныс саласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін аса маңызды құрылым. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал қызметтеріңіздің арқасында Қазақстан Республикасының Әскери прокуратурасы Қарулы Күштер қатарында заң үстемдігін нығайтып, әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына зор үлес қосып келеді.

Сіздердің принципшілдіктеріңіз, әділдіктеріңіз және Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің берік кепілі.

Ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін айрықша алғыс білдіреміз.

Осы атаулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз!

 

Құрметпен,
Мәслихат төрағасы                                                                                     А.Исатаев