Қоғамдық кеңестің жаңа Конституцияның жобасын талқылауы

Қоғамдық кеңестің жаңа Конституцияның жобасын талқылауы

Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері Конституцияда қаралып жатқан өзгерістерді талқылады. Кездесу барысында ұсынылып отырған түзетулердің негізгі бағыттары, олардың елдің саяси жүйесін жетілдірудегі рөлі және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту мәселелері назарға алынды.

Қоғамдық кеңес мүшелері өзгерістердің мәні мен маңызын халыққа түсіндірудің қажеттігін атап өтіп, қоғам тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескеру маңызды екенін жеткізді. Талқылау барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.