
Қалалық мәслихат депутаттарының «Ашық есік» күні өтті
2026 жылғы 30 қаңтарда қалалық мәслихат депутаттары қала тұрғындарының жеке мәселелерін қарастыру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді.
Іс-шараға қаламыздың жас буын өкілдері қатысып, мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасу және жастардың шағын бизнеспен айналысуына қатысты өзекті сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында депутаттар қатысушылардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.