VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті

VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті

VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасары Алмас Ұлан Алмасұлы, қала әкімдігі мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Сессия отырыстың негізгі мақсаты – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді алдын ала талқылау және оларды мәслихаттың кезекті сессиясына енгізу болды.
Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 28/216 «Приозерск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды. Бұл өзгерістер әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, «Приозерск қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспары. Түзету» жобасын мақұлдау мәселесі қаралды. Қаланың алғашқы бас жоспары 2013 жылы бекітілген. Аталған жоба қаланың аумақтық дамуын жүйелеуге, инфрақұрылымды жетілдіруге және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға негіз болады.
Сессия қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған барлық мәселелерді бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады