Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің тұрақты отырысы өтті

Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің тұрақты отырысы өтті

2026 жылғы 26 қаңтар күні Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің тұрақты отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
1. Приозерск қаласының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы және 2026 жылға қойылған негізгі бағыттары мен міндеттері туралы. (Баяндаушы: «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімінің» ММ басшысы А.Шамшатов);
2. Қала бюджетінің кіріс бөлімін көбейту мақсатында кәсіпкерліктің дамуы туралы 2025 жылы атқарған жұмысы және 2026 жылға қойылған негізгі бағыттары мен міндеттері туралы. (Баяндаушы: Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Джаиков);
3. Салық салу мақсаттары үшін Приозерск қаласының аумағын аймақтандыру схемасын бекіту туралы (Баяндаушы: «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы С.Бұқпантаев);
Отырыс барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті талқылаулар жүргізіліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.