
Бүгін Приозерск қалалық мәслихатында коммуналдық меншіктегі мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша жария тыңдау өтті. Жария тыңдалымды “Қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы” Сатыбалдин Бахтияр Сәкенұлы жүргізді. Тыңдауға депутаттар, қала мекемелерінің басшылары мен тұрғындары қатысты.
Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 9/2 құрылысында орналасқан нысан бойынша баяндаушы коммуналдық меншіктегі мүлікті аукцион арқылы жекешелендірудің құқықтық негіздерін, аукционға ұсынылып отырған мүлік тізбесін және жекешелендірудің мақсаттарын түсіндірді.
Талқылау қорытындысы бойынша жария тыңдалымға қатысқан 35 адамның барлығы ұсынылған мәселені бір ауыздан қолдады. Алдағы уақытта қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес коммуналдық меншіктегі мүлікті аукцион арқылы жекешелендіру рәсімін ұйымдастыру, тиісті құжаттарды рәсімдеу және белгіленген тәртіппен жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жекешелендіру процесі уәкілетті органдардың бақылауымен іске асырылатын болады.