
2025 жылғы 29 желтоқсанда VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханұлы Айдарханов, мемлекеттік мекемелердің басшылары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Қарағанды облысының Приозерск қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/42 қалалық мәслихат шешімінің күшін жою, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаты Е.Н. Абдурахмановтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қала әкімдігі жанындағы түрлі жұмыс комиссияларының құрамына қатысты мәселелер қаралды. Сессия қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған барлық мәселелерді бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады. Сессия соңында мәслихат төрағасы Абдурахманов Ержан Нұрланбекұлына алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, алдағы уақытта толағай табыстар тіледі.