Көңіл айту

Көңіл айту

Приозерск қалалық мәслихаттың IV шақырылым депутаты, көп жылдар бойы коммуналдық шаруашылық саласында абыройлы еңбек еткен Жолдас Бахтияр Құрақбайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты, қалалық мәслихат депутаттарының атынан жақындары мен туған туыстарына, отбасына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.
Жолдас Бахтияр Құрақбайұлы ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, іскерлігімен, адамгершілігімен және азаматтық ұстанымымен әріптестерінің құрметіне ие болды.
Марқұмның жарқын бейнесі, адал еңбегі мен өнегелі өмір жолы оны білетін жандардың жадында мәңгі сақталады.


А.Исатаев, Д.Дүйсембаев, Т.Қарабалаев, М.Абдимуталипов, Р.Ғалымжанов, Б.Сатыбалдин, Р.Койшин, Қ.Айтбаев, М.Акимова, Е.Абдурахманов, Бердімұратов Ә.А