«Кезектен тыс ХXХVI сессияға ХАБАРЛАМА»

«Кезектен тыс  ХXХVI сессияға  ХАБАРЛАМА»

Қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс ХXХVI сессиясы 2025 жылдың 29 желтоқсанында сағат 15.30- да тікелей трансляциялау арқылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді

Сессия күн тәртібінде:
1. «Қарағанды облысының Приозерск қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/42 Приозерск қалалық мәслихатының шешімінің күшін жою туралы;
2. Қалалық мәслихат депутаты Е.Н.Абдурахмановтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
3. Жастар істері жөніндегі Кеңес құрамын бекіту туралы;
4. Приозерск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 04 мамырдағы № 17/133 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес құрамын бекіту туралы.

Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев