
VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы ұсынылып, оның негізгі бағыттары, әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, кірістер мен шығыстар құрылымы жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар Қарағанды облысы Приозерск қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары қаралып, қала инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сапасын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және әлеуметтік саланы қолдау бойынша жоспарланған іс-шаралар таныстырылды. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган комиссиясының атқарған жұмысы туралы есеп тыңдалды. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелері, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтылды. сондай-ақ қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстары және өзге де бірқатар мәселелер қаралды. Қарастырылған барлық мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, жан-жақты талқылау жүргізілді. Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен ескертулер айтылды, кейбір ақпараттарды нақтылау және толықтыру жөнінде тапсырмалар берілді. Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қарастыруға ұсынылды.