
2025 жылдың 26 қарашасы Приозерск қалалық Қоғамдық кеңесінің тұрақты отырысы өтті. Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
1. «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Баяндамашы: «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы А.Шамшатов).
2. «Қаладағы құрылыс жұмыстарының сапасы және құжаттандыру мәселелері туралы 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы» (Баяндамашы: «Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Ж.Сарсембеков).
3. «Приозерск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің мекемелерде жүргізген ішкі бақылаулары туралы» (Баяндамашы: «Приозерск қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы Л.Артыгалиева).
Қоғамдық кеңес мүшелері отырыс барысында мекеме басшыларына өзекті сұрақтарын қойып оған тиісті жауап алды.