
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің негізінде жұмыс тобы Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің 2 бос орнына сайлау жөнінде конкурс жариялайды.
коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін
заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға
келісім ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттарды ұсыну мерзімі: 2025 жылдың 13 қарашасынан бастап 2025 жылдың 26 қарашасын қоса алғанда.
Конурсқа құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайда жүргізіледі: 101100, Приозерск қ., Балқаш к., 5-үй, 2-қабат, «Приозерск қалалық мәслихатының аппараты» ММ.
Электрондық мекен-жай: maslixat_prio@karaganda-region-gov.kz
Байланыс телефоны: 8 (71039) 53316.