Приозерск қаласында тұрғындардың өтініші бойынша кәріз құрылысы жүргізілуде

Приозерск қаласында тұрғындардың өтініші бойынша кәріз құрылысы жүргізілуде

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Бәйтерек көшесі тұрғындарының өтініштері бойынша кәріз жүйесін салу жұмысымен танысып қайтты. Жұмысты «Алтын Номад Строй 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда құрылыс алаңында бір арнайы техника мен бес жұмысшы жұмыс істеуде. Жоба бойынша диаметрі 160 миллиметр болатын кәріз құбырының жалпы ұзындығы 817 метр ұзындықта төселеді. Құбырлар 2 метр тереңдікте төселіп, әр 35 метр сайын кәріз сақиналары орнатылады. Жалпы 19 үй орталық кәріз жүйесіне қосылады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, келесі жылы Бәйтерек көшесіне жаңа асфальт төсеу жоспарланып отыр. Барлық жұмыстардың сапалы орындалуы қалалық мәслихат депутаттарының бақылауында болады.