
«AMANAT» партиясы Приозерск қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдау барысында қала тұрғыны Дорохов көшесі 4/2 мекенжайындағы тұрғын үйге қатысты бірқатар мәселелер көтерілген болатын. Атап айтқанда, жаяу жүргіншіге жылу құбырларынан өту мүмкіндігінің қолайсыздығы, жылу компенсаторының төмендігіне байланысты тұрғын үй ауласына жүк көліктерінің өте алмауы және тұрғын үй ауласын абаттандыру жайы айтылды. Аталған мәселе бойынша қалалық мәслихат төрағасы Алтай Нәсіпбекұлы, №8 сайлау округінің депутаты Талғат Әлімжанұлы, сондай-ақ жауапты мекеме басшысы мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі бірге барып, жағдаймен танысты. Кездесу барысында мәслихат депутаттары мәселені шешу жолдарын талқылап, бірқатар нақты ұсыныстар айтты. Ауланы абаттандыру бойынша 2026-2028 жылдар аралығында бюджет қарастыруды тапсырылды Тиісті мекеме басшысына шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берілді. Аталған мәселе Приозерск қалалық мәслихаты депутаттарының тұрақты бақылауында болады.