
Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары 31 қазан күні өткен «Ашық есік» күнінде өзекті мәселенің бірі – Кисунько көшесі 1 үй, №79-пәтер тұрғынының пәтеріндегі жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеу жағдайын егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында арнайы барып қайтты. Қалалық мәслихат депутаттарымен қатар, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы және коммуналдық сервистік мекеме өкілі де болды. Тексеру барысында депутаттар жылу жүйесінде нақты ақаулар бар екенін анықтап, басқа да пәтерлердің жылу берілу жағдайын мұқият қарап шықты. Сонымен қатар, үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннің жылу жүйесі де назардан тыс қалмады. Тексеру қорытындысы бойынша, мәслихат депутаттары жауапты мекемелердің басшыларына жүйедегі ақауларды жою және жылудың толық берілуін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Аталған мәселе Приозерск қалалық мәслихаты депутаттарының тұрақты бақылауында болады.