Приозерск қалалық мәслихаты Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 5 адам, оның 2-і – мемлекеттік органдар өкілдері, 3-і – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс
тобының мүшелігіне кандидаттың:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
- кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
- өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
- сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
- кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2025 жылдың 04 қарашасынан 2025 жылдың 10 қарашаға (қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 101100, Приозерск қ., Балқаш к., 5-үй, 2-қабат.
Электрондық мекен-жай:maslixat_prio@karaganda-region-gov.kz
Байланыс телефоны: 8 (71039) 53316.