Қалалық мәслихат депутаттарының «Ашық есік» күні өтті

Қалалық мәслихат депутаттарының «Ашық есік» күні өтті

2025 жылдың 31 қазан күні қалалық мәслихаттың депутаттары қала тұрғындарының жеке мәселелерін қарастыру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді. Іс-шара барысында бірқатар тұрғындар өздерінің тұрмыстық және коммуналдық сипаттағы өтініштері мен шағымдарын жеткізді.
Атап айтқанда, Кисунько көшесі, 1-үй, 79-пәтер тұрғыны Нишанбаева Умида Анартайқызы өз пәтеріндегі жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істемейтіні туралы мәселе көтерді. Сондай-ақ, Достық көшесі, 16-үй, 2-подъезд тұрғындары жертөледегі құбырдың жарылып, судың ағуы мен жағымсыз иістің шығуына байланысты шағым білдірді.
Депутаттар тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, аталған мәселелер бойынша тиісті мекемелердің басшыларымен және сол үйлерге жауапты коммуналдық сервистік қызмет өкілдерімен бірлесіп көшпелі отырыс өткізілетінін және жағдайды жеке бақылауларына алатынын жеткізді.