
Бүгін Приозерск қалалық мәслихаттың аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Мақышева Шұға Бексейтқызы мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі аясындағы тиісті баптарын таныстырды. Сондай-ақ, аппараттың бас маман – заңгері Сүйіндік Бекжан Жарқынұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында құқықтық оқыту өткізді. Ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, құқықтық мәдениетті арттыру және адалдық қағидаттарын ұстанудың маңызы жөнінде түсіндірді. Шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Талқылау барысында мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын сақтау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.