
Бүгін Достық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс- шарада қала әкімі Мансұр Талғатұлы төтенше жағдай қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріне алғыс білдірді. Құтқарушылардың батылдығы мен жауапкершілігіне ерекше тоқталып, олардың еңбегін жоғары бағалады. Іс-шара барысында қала әкімі қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар Құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылған волейбол жарысының жеңімпаздарын марапаттап, оларға арнайы сертификаттар мен кубоктар табыстады. Қалалық мәслихат төрағасы Алтай Нәсіпбекұлы, AMANAT партиясы Приозерск қалалық филиалының төрағасы Дулат Орынбасарұлы және Приозерск қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дамир Нұрланұлы құтқарушыларды марапаттап алғыстарын білдірді. Құтқарушылар хор айтып, ұлттық күй тартылып, ән айтылып, би биленіп, мерекелік атмосфера қалыптасты.