Бүгін Достық №29 үйдің №67 пәтер тұрғыны өз пәтерінде жылу берілмегені және үйдің суық екендігі жөнінде Telegram чатқа жазған болатын.
Аталған мәселе бойынша “ПРИОЗЕРСК ЖилСервис” мекемесінің директоры, қала әкімінің орынбасары, мәслихат төрағасы және сантехниктар оқиға орнына барып, тексеріс жүргізді.
Тексеру барысында үйге жалпы жылу берілгені анықталды. Алайда оңтүстік жақтағы стояктардың (жылу жүйесінің) дұрыс жұмыс істемей тұрғаны белгілі болды. Осыған байланысты тиісті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары ертең жүргізілетін болады.
Сонымен қатар тексеріс кезінде тұрғындардың пәтерлеріне кіріп, жылудың бар-жоғын тексеріп, жағдаймен танысты.