Құттықтау

Құттықтау

Бүгін Приозерск қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты Ғалымжанов Руслан Еркінбайұлының туған күні. Сізді мәслихат депутаттары және аппаратының қызметкерлері атынан шын жүректен құттықтаймыз.
Өміріңіздің әрбір күні қуанышқа толы болып, еңбегіңіздің жемісі ел игілігіне қызмет ете берсін. Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, биік бедел мен абырой тілейміз. Отбасыңыздың шаттығы артып, ортаймас бақ-береке әрдайым қонып, армандарыңыз асқақ болсын!

Құрметпен,
Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары мен қызметкерлері.