Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Бауыржан Момышұлы көшесі, 12/2 мекенжайындағы тұрғын үйдің тірек құрылымдарын нығайту жұмыстарының барысымен танысты. Аталған тұрғын үйдің тірек құрылымдарын нығайту жұмыстары мердігер ұйым – «КОМПАКТ и К» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің іргетасын инъектірлеу әдісі арқылы жүргізуде. Іргетасты күшейту жұмыстары топырақтың шөгуінен туындайтын қозғалыстардың алдын алу және ғимарат қабырғаларында пайда болған жарықтарды жою мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.