Қалалық мәслихат депутаты өз округінің сайлаушысы, Алаш көшесі 29/2 үй тұрғыны Кристенко Екатерина Федоровнамен кездесті. Кездесу барысында көшені жарықтандыру, жол жағдайы және басқа да маңызды мәселелер көтерілді. Азаматшаның ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдаған депутат аталған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылдау мақсатында қала әкімдігіне ресми түрде депутаттық сауал жолдайтынын айтты. Бұл – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға және жергілікті деңгейде туындаған түйткілдерді тиімді шешуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.